img_1712

Қоғамдық делегация Қырымдағы жетекші жоғарғы оқу орны мен телеарнасында қонақта болды

dsc_0042

img_1690

Қазақстандық делегация Қырым еліне жасаған сапардың оныншы күнінің бірінші жартысында Ресей Федерациясы Мемлекеттік думаның депутаты Руслан Бальбекпен кездесіп, Қырым түбегіндегі тәуілік бойы қызмет көрсететін «Миллет» телеарнасы мен Ветан Седасы радиосы кешенінде қонақта болды. Сондай-ақ, Қырым инженерлік-педагогикалық университетіне барып, өңірде іргесі бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

dsc_0026

img_1688

Ресей Федерациясы Мемлекеттік думаның депутаты Руслан Бальбек Қазақстандық қонақтармен Қырым түбегінде алғаш 24 сағат үздіксіз қызмет көрсететін «Миллет» телеарнасы мен Ветан Седасы радио кешенінде қонақ болды. Небәрі осыдан үш жыл бұрын құрылған жас телеарна болса да, бас қаланың көзі қарақты көрерменнің жүрегінен орын таба білген.

dsc_0068dsc_0057

Әріптестерімен журналистика саласының қыр-сырын қозғап, екі сағаттай пікір алмасқан соң қазақстандықтарды Симферопольдің мүйізі қарағайдай жоғарғы оқу орнының басшылары құшақ жая қарсы алды. Университет ұжымы оңтүстікқазақстандық делегация құрметіне арнайы конференция ұйымдастырды. Еркін форматта өткен кездесу барысында оқу орны тарапынан Қазақстанға қандай да бір байланысы бар оқытушыларды шақыртып, пікір алмасып, ой бөлісті.

univer

dsc_0170

Қырым инженерлік-педагогикалық университеті 1993 жылы депортацияға ұшыраған халықтың қайта атамекеніне оралуына байланысты құрылған. Университеттің жарытсынан астам мамандықтары IV деңгеймен аккредиттелген. Ректоры техника ғылымдарының кандидаты, доцент Февзи Якубов.

dsc_0114

img_1821

Бүгінде оқу орнында жеті факультеттің 23 мамандығында 1000 аса студент білім алады. 32 кафедрада 500 астам оқытушылар, оның ішінде 43 ғылым докторы мен профессорлар, 226 ғылы кандидаттары мен доценттер бар. Джанкое, Қырым және Евпаторияда филиалдары жұмыс істейді.

img_1813

dsc_0162

Университет жанынан қырымтатар тілі мен әдебиеті ғылыми — зерттеу орталығы құрылған. Директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Исмаил Керимов.

dsc_0116

dsc_0101

 

dsc_0166

Кездесу қорытындысмен студенттер концерттік бағдарламасын ұсынса,  Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, қоғамдық делегация жетекшісі Дулат Әбішпен қазақы дәстүрмен естелік сыйлық табыс етті. Өз кезегінде университет ректоры Февзи Якубов та сыйлықтарын тарту етті.

dsc_0084

Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!