Өткен жылдың күзінде Бәйдібек АІІБ-не жергілікті тұрғындар арызданды, онда белгісіз біреулер олардан 5 жылқыны қолды еткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы миллионнан астам теңгені құрады.
Бәйдібек АІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні мал ұрлау жайты бойынша ұстаған. Мал ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген, ал материалдары сотқа жіберілген. Қазіргі таңда сот шешімі бойынша сотталушы 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға жазаланған.
ОҚО полицейлері тұрғындарға өз мүлкіне мұқият болуын ескертеді. Мүмкіндігінше шаруашылық қора-жайларын сенімді бекітіп, малға ен салып, таңбалау, сондай-ақ малшыларды жалдау керек. Осы қажетті профилактикалық шаралардың барлығы облыс тұрғындарына қылмыстық қастандықтардан өз мүлкін сақтауға көмек береді.
Егер де, Сіз, сонда да барымташылардың құрбаны болсаңыз полицейлер тез арада ішкі істер органдарына «102» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.