Министр ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады | "Айғақ" ақпараттық порталы
sagadiev

Министр ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 15 мамырда Қазақстанда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазақстанда 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді, бұл екінші мәрте өткелі жатыр. Орта есеппен 10-15 пайызы (ата-аналар жиналысына) қатысады. 2017 жылы жалпыұлттық ата-аналар жиналысына 80 пайыз мектеп оқушыларының ата-анасы қатысты, бұл жақсы нәтиже. 2018 жылы осы көрсеткішті қайталауды жоспарлап отырмыз», — деді ведомство басшысы.
Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерге ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқартуды сұрады.
«Министрлік тарапынан барлық жұмыс берушіден, оның ішінде меморгандардан осы күні ата-аналарды ертерек жұмыстан жіберуін сұраймыз. Олар мектепке барып, ата-аналар жиналысына қатысып, балалары оқитын мектепті өмірімен танысса дейміз», — деді министр.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!