32081592_455847564853235_8370014553999671296_n

Созақ ауданында екі спорт алаңшасы ашылды

9 мамыр — Ұлы Жеңіс мерекесі күні Созақ ауданы Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды. Қазақ француз біріккен «Катко» кәсіпорнының демеушілігімен балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы ашылды.

32087305_455847218186603_3508199196555476992_n

32205798_455847424853249_338302333249126400_n

31945226_455847134853278_4330943273511157760_n

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов, «Катко» кәсіпорнының бас инженері Николя Дюбек қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы Салыхан Сабырұлы: «Елбасы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді деп мәлімдеген болатын. Бұл нысанда ауыл тұрғындарының жаппай спортпен айланысуға мүмкіндік береді. Елбасы Жолдауын іске асыру бағытанда атқарылып жатқан шаралар»,- деді. Өз кезегінде Николя Дюбек тұрғындарды жаппай спортпен айналысуға шақырып, мерекемен құттықтады.

Айта кету керек мамыр айының соңында Құмкент ауылынан тағы да 200 орындық зәулім спорт ғимараты ашылады.  Жалпы Созақ ауданында 2017 жылы  6 спорт нысаны пайдалануға берілген болатын. Биылғы жылы өзге ауыл округтерден бизнестің әлеуметтік жаупакершілігі аясында  барлығы 10 футбол алаңы ашылады.

Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!