img-20180509-wa0020

Шымкенттіктер Ұлы Жеңіс мерекесін атап өтті

9- Мамыр Қазақстанда маңызды мемлекеттік мерекенің бірі. 1941- 1945 жылдардығы Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткен күн. Ұлы шайқас 1941 жылы 22 маусымда таңсәріде Германия фашистері, 1939 жылығы совет-герман келісім- шартын бұзып, КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасауынан басталды. Майдан алаңына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 миллион қазақстандық қатысты. Бұл Республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы болатын. Ұрыстардың алғы шебінде  Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен   ботальондар шайқасты.  Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, балтық маңы мен Молдаваны азат етуге күштерін салып, Берлин шабуылына қатысты. Ондағы мыңдаған Қазақстандық ерен еңбегі үшін марпатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі рет ие болды. 142 адам адам Даңқ орденінің толық жинағын алды.

img-20180509-wa0028

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 73 жыл толды. Бұл- сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сұрапыл соғыс халқымыздың түсіне де кірмеген, қанды оқиға болды. Ол кездерді еске алу қазіргі ардагерлерімізге өте ауыр тиетіні анық. Екінші дүние жүзілік соғысындағы жеңіс Кеңес Одағын шығынға ұшыратты. Елдің 27 млннан астам адамдары  соғыста қаза тапты. Оның 603 мыңы қазақстандықтар.  Міне , осылай  Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 73 жыл бұрын адам баласының жауы фашистерді талқандап, туған жерге төнген қауіптен құтқарды.  Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан ұмытқан емес.

img-20180509-wa0019

Соғыс майданына Оңтүстік Қазақстан облысынан 140 мың шамасындағы әскер аттанған. Отаны мен туыс-бауырларын қорғауда олардың бірі елге аман-есен оралған болса, енді бірі майдан алаңында ерлікпен қаза тапты. Елімізге бейбіт өмір сыйлап, өздерін сол жолда құрбан еткен ардагерлерімізді Оңтүстік халқымен жиналып еске алдық. Салтанатты шарада Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тарихты еске алып,  батырлар рухына тағзым етіп,  «Мәңгілік алауға»  алғашқы болып гүл шоқтарын қойды.

img-20180509-wa0042

Берлин маңындағы соғыста қасық қаны тамғанша күрескен жауынгерлердің ісі — қазіргі ұрпақты ерлікке баулып, жарқын болашағымызды, тәуелсіз елімізді қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Айтулы мерекеге жиналған жұртшылық Даңқ мемориалында қатар тізілген аудан, қаладан соғысқа қатысушылар тізімінен өз батыр аталарын іздеп жатты.

img-20180509-wa0030

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бүгінгі мерекегнің маңызы ерекше. Жиында өмірден өткен жауынгерлерімізді еске алумен қатар, қазіргі көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагерлері де  құрметтелді.  Барша жұртшылық тек алғысын айтып, ізет көрсетті.

img-20180509-wa0036

Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын  бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Сұрапыл соғыста қанды азапты есіне алған қарияларымыздың жүректері сыздап қоя берді. Майданда  бірге жауға аттанған ержүрек достары есіне түскенде көзіне еріксіз жас келіп жатты. Жеңіс туының желбірегеніне 70 жыл толса да көз жанарынан кетпейтін суық оқиға ешқашан қайталамасын деп, тек тыныштық  тілейді.

img-20180509-wa0035

Елдің еңсесін түсірген зұлмат соғыс қаншама ана мен бауырды жақынынан айырды. Соғыс — жас айырмашылығына да қарамады. Жүрегінде Отаншылдық басым болған 15 жасар азаматтар да  қауіп ортасына түсіп, жауға қарсы қару кезеді.   Қатар тізілген сарбаздар сабында болған Қаражан Естемесов майдан ортасында көрген оқиғалармен бөлісті.

img-20180509-wa0040

Сол бір зұлмат жылдарды бастан өткерген  бүгінгі көне көз ардагерлердің айтуынша қара нан мен қара суға қанағат қылатынбыз дейді. Айта кетсек өткен шара барысында ардагерлерге әскери тағамдар ұсынлып дәм татқызды.

Міне, ата – бабамыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.

Аруна ПЕРНЕБЕК.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!