Қоғамдық делегация Ескі Қырым жерінде орналасқан тарихи орындармен танысты | "Айғақ" ақпараттық порталы
img-20180510-wa0070

Қоғамдық делегация Ескі Қырым жерінде орналасқан тарихи орындармен танысты

Оңтүстікқазақстандық қоғамдық делегация арнайы әзірленген бағдарлама аясында Ескі Қырымның тарихи орындарында болды. «Ұлы бабалар ізімен…» жобасы аясында жүзеге асып отырған бұл сапарда делегация Өзбек ханның мешітінде болды. Мешіт Ескі Қырымдағы сақталған мешіттердің ең көнесі.

01

02

ХІІІ-ХIV ғасырлардағы Қырым қаласы немесе Солхат Алтын Орданың орталығының бірі болды. Сондықтан бұл жердің бәрі Қырым деп аталды. Бұл саудасы ең бай қала болды. Көп бөлігі армян, грек, итальян сынды християн-тұрғындардан тұрды. Дегенмен, бұл жердің басқарушылық қызметтерін мұсылмандар атқарды. 1314 жылы Алтын Орданы Өзбек хан басқарған тұста Солхатта мешіт салынды. 1332 жылы оның жанына бай Инжібек-хатунның бастамасымен медресе ғимараты да тұрғызылды. Бүгінде медреседен тек үйінділер ғана сақталған, ал мешіт сол күйінде түгел сақталған.

img-20180510-wa0075

Мешіттің пішіні қарапайым, тіктөртбұрышты. Мұнарасы біреу ғана, кіреберіс есіктің оң жағында орналасқан. Кіреберіс үлкен есігі мен михраб әдемі ою-өрнектермен және жазулармен безендірілген. Бұл жазулардың арасында мешіттің тұрғызылған уақыты да жазылған.

 

05

Тап осы күні Оңтүстікқазақстандықтар жергілікті көркемсурет училище студенттері, яғни болашақ суретшілердің тарихтың қатпар бетінен сыр шертетін, талай ғасырдың куәсі болған Өзбек хан мешітінің көрінісін ақ қағаз бетіне кескіндеп жатқанына куә болды.

03

dsc_0066

Өзбек хан 1280-1341 жылдары аралығында Алтын орда ханы болды. Бату хан әулетінен. Ол билеген тұста Алтын Орда мемлекетінде елеулі өзгерістер орын алған. Алтын Ордада ислам ресми дін болды. Сондай-ақ Алтын Орда нағыз өрлеу кезеңін бастан кешті, оның саяси-әскери қуаты мен экономикалық дамуы шарықтау шегіне жеткен. Бұл өрлеуді қалалардың өсуінен, халықтардың қатынастары мен сыртқы сауданың, мәдениеттің дамуынан көруге болады.  Алтын Орданың мәмлүктер билеген Египетпен сауда, мәдени, дипломатиялық байланысын жандандырды.

dsc_0042

Қорыта айтқанда, Өзбек ханның тұсында Алтын Орда ислам өркениетінің шеңберіне енді. Қырым түбегі мен Солтүстік Кавказда тіпті, бүгінгі Әзербайжанда да көптеген медреселер мен мешіттер салынды. Орта ғасырлық араб тарихшылары Өзбек ханды «қыпшақ патшасы» деп атады. Өзбек хан 1342 жылы өз ажалынан көз жұмды. Хан өлген соң Алтын Орда тағына ұлы Жәнібек отырды.

Гүлжан Нұрланқызы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!