veteran

Оңтүстікқазақстандықтар батыр қаланың салтанатты шеруіне қатысты

Қырым жерінде жүрген Қазақстандық делегация Жеңіс күнін Керчь — батыр қалада атап өтті. Салтанатты шараға қатысқандар Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, қоғамдық делегацияның жетекшісі Дулат Әбіш, Елбасының курстасы Марат Қыстаубаев, Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы, Ордабасы ауданының еңбек ардагері Маxмұдбек Мұxамедов және Шардара ауданының «Құрметті азаматы» Жанзақ Әлібеков. Сондай-ақ, Керчь бұғазында ерлікпен қаза тапқан жауынгердің жиен қарындасы — Айымxан Баймаxанова бар.

pop

Керчь соғыстың алғашқы соққысын бастан кешкен қала. Қанды шайқаста 15 мың бейбіт тұрғын қаза тауып, 14 мың адам тұтқында болған. 1941 жылдың қараша айында тариxи қала басқыншылардың құрығына ілініп, 1944 жылдың 11-ші сәуір күні азат етілген. Әлемнің ең байырғы қалаларының бірі Римнен де үлкен. Екінші дүниежүзілік соғысты бастан кешкен Керчь тұрғындары үшін Ұлы Жеңістің маңызы зор.

dsc_0190

Талай бала жетім қалып, талай ана жесір қалған соғыстың аяқталғанына — 73 жыл. Бірақ жүректегі жара әлі жазылған жоқ. Соғысқа қатысқан әрбір көзі тірі ардагердің Жеңіс күнінде жүздері жарқырағанмен, көңілдерінде мұңды қасірет бар екені байқалады. Мұны біз Керчь қаласында өткен салтанатты шарада байқадық.

parad

Қырым еліндегі батыр қала Жеңістің 73 жылдығын әскери шеруден бастады. Сапта сақадай сай тұрған сарбаздар мен соғыс кезінде таудың да талқанын шығара жаздаған танкілер Ленин алаңымен жүріп өтті. Сондай-ақ, «Мәңгілік полк» кең ауқымды акциясы өткізілді. Онда талай батырлардың бейнелері жарқырады. Солардың қатарында Түлкібастың тумасы, жерлес жауынгеріміз Нұрмаxан Тұрсынбеков бар.

marsh

Мұнан кейін Керчь қаласының тұрғындары мен қонақтары Митридат тауына көтерілді. Қаладан 90 метр биіктікте орналасқан Митридат тауында қанды қырғын болып, Керчь қаласы азат етілген. Жеңістің туы желбіреген тауда қаһарман қаланың тұрғындары жыл сайын әскери ботқадан дәм татып, ардагерлерге құрмет көрсетеді.

flag

Тап осы салтанатты жиында Қазақстаннан арнайы келген қонақтарға құрмет көрсетіп, делегация жетекшісі Дулат Әбішке алғыс жариялады. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиевтің атынан Керчь қаласының басшысы  Сергей Бороздинге және Керчь қалалық Кеңесінің төрағасы Николай Гусаковке алғыс хат табысталды.

mr

Қазақстандықтар салтанатты шеру барысында Қара теңіз флоты қолбасшысының орынбасары, контр-адмирал Сергей Липилин мен пікір алмасты.

kontr-admiral

Ұлы Жеңіске арналған салтанатты шарадан кейін жерлес жауынгер Нұрмаxан Тұрсынбеков қаза тапқан Эльтиген елді мекеніне бардық. Эльтиген десанты туралы сыр шертетін мұражайда дәл осы Керчь бұғазында қаза тапқан Нұрмаxан Тұрсынбековтің ерлігі ұлықталып тұр.

geroy

molitva

Жат жұртта қаза тауып, сүйегі бауырластар зиратында жерленген жерге белгі тас орнаттық. Міне осылайша Қырым еліндегі игі сапар өз мақсатына жетті. Толығырақ алдағы уақытта «Айғақ» телеарнасынан арнайы әзірленетін бағдарламадан көретін боласыздар.

Бағлан Байкөбекқызы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!