Қырымда игі тірлікпен жүрген қоғамдық делегация Ливадийский сарайға экскурсия жасады. Аталмыш сарайда Ұлы Отан соғысынан кейін осы жерде бірнеше рет ел тағдыры талқыға түскен. Яғни, 1945 жылы АҚШ президенті Ф.Рузвельт, Ұлыбританияның мемлекеттік және саяси қайраткері У.Черчилль және Кеңес Одағының басшысы И.Сталин Ялта конференциясы аясында бас қосқан болатын. Сондай-ақ, сол кездері Ф.Рузвельт бастаған американдық делегация дәл осы жерде тұрған.
Суретте: 2015 жылы 5 ақпанда саябақ-сарайы ансамблі аумағында ашылған И.Сталин, Ф.Рузвельт және У.Черчилльге арнап ашылған ескерткіш. Авторы ресейлік мүсінші З.Церетели.
Аталған сарай 1974 жылдан бері туристердің үзілмейтін орны. Ұлы Отан соғысымен байланысты бағдарлама аясында қоғамдық делегация тарихи сараймен танысып аралады.
Ливада сарайы император 1861 жылдан бастап Александр ІІ-нің және император әулетінің жазғы резиденциясы болды.
Ал, 1993 жылдан бастап Ливадия сарайы музей мәртебесін алды. Бүгінде мұнда келуші туристердің қатары көп.
Әйгілі сарайда Қазақстаннан барған қоғамдық делегация болды.
Толығырақ «Айғақ» телеарнасынан алдағы уақытта көре аласыздар.
Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ.