ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения халқының дағдарыстан шығатынына сенімді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының армяндық әріптесі Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті.
«Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады. Қазақстан Президенті достас армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді», — деп хабарлады Ақорда сенбі күні.
Еске салсақ, 13 сәуірде Армения премьер-министрі лауазымына экс-презимдент Серж Саргсян тағайындалғаннан кейін елде қарсылық акциялары басталып кетті, нәтижесінде бұрынғы мемлекет басшысы министрлер кабинеті басшысы қызметіне тағайындалғаннан кейін лауазымын тастап кетуге мәжбүр болды.
1 мамырда Армения парламентінің депутаттары елдің премьер-министрі лауазымына ресми ұсынылған жалғыз үміткер оппозициялық лидер Никол Пашинянға қарсы дауыс берді. Нәтижесінде армяндық оппозиция лидері елде жалпы ұлттық ереуіл жариялады.
Кейін, 2 мамырда Арменияның Ұлттық жиналысы (ҰЖ) премьер-министр сайлауының жаңа күнін жариялады. Дауыс беру 8 мамырда сағат 12.00-де өтеді.
Дереккөз: ҚазТАГ.