4

Құрманғазының 200 жылдығын Қазақстан мен Ресейде атап өтті

Қазақ күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығын Қазақстан мен Ресейде атап өтті, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің сайтынан.

«Ұлы қазақ күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 200 жылдығы қарсаңында Батыс Қазақстан және Астрахань облыстарында халықаралық ғылыми экспедиция ұйымдастырылды», — делінген бейсенбідегі хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, шараны Батыс Қазақстан облысының әкімдігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізген.

Экспедиция құрамына БҚО ауданы әкімдіктерінің өкілдері, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері, ақындар, жазушылар, өлкетанушылар, журналистер, күйшілер және т.б. кірген.

Олар БҚО Қаратөбе (бұл жерде Құрманғазының ұстазы бүкіл Бөкей хандығына аты әйгілі Ұзақкүйшінің топырағы жатыр), Жаңғалы, Казталов (Көктерек) аудандарына барды, сондай-ақ, Астарахань облысы Володарский ауданы Алтыжар ауылында болды. Ол жерде Құрманғазы жерленген. Бұл жерде оның мавзолейі және оның есімі берілген халықаралық мәдени орталық бар.

Еске салсақ, ҚР спорт және мәдениет министрлігінің бастамасымен Құрманғазының 200 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлары мен естелік күніне енгізілген.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!