2

Қазақстанда биомедициналық эксперименттер, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізу ережелері жеңілдетілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі биомедициналық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелерін жеңілдетті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарда айтылғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық және клиникалық емес зерттеулерді жүргізу және аталған зерттеулердің қорытынды есебін әзірлеу барысында туындайтын әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында арнайы бұйрық шығарды («Медициналық – биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық базаларға қойылатын талаптардың ережесін бекіту туралы» 2018 жылғы 2 сәуіріндегі № 142 бұйрығы).

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникалық және клиникалық емес зерттеулерді жүргізудің ережесін әзірледі. Мұның ішінде, клиникаға дейінгі және клиникалық базалардың талаптарына қатысты ережелер де қарастырылған. Бұл өз кезегінде елімізде өткізілетін клиникалық зерттеу санының өсуіне ықпалын тигізіп, бәсекеге қабілеттілікті арттырады.

Жаңа бұйрыққа сай биылғы жылдың екінші сәуірінен бастап төменде көрсетілген әкімшілік кедергілер өз күшін жойды:

Интервенциялық емес клиникалық және маркетингке дейінгі клиникалық зерттеулерді (4-ші фаза) жүргізу үшін құзырлы органдардан рұқсат алу қажеттілігін жою.

Клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізуге құзырлы органдардан рұқсат алу қажеттілігін жою.

Медициналық құралдарға, оның ішінде отандық құралдарға бірорталықтандырылған клиникалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беру.

Медициналық құралдарға клиникалық зерттеулер жүргізу ерекшеліктеріне қосу.

Жаңа бұйрық жоғарыда аталған зерттеулерді жүргізуді жоспарлап отырған медициналық және фармацевтикалық ұйымдарға арналған.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!