img-20180504-wa0020

«Айғақ» телеарнасының Қырым жеріндегі жобасы жүзеге асырылуда

Түлкібас ауданында дүниеге келіп, Қырымның Керчь қаласына қарасты Эльтиген селосында қаза тапқан Ұлы Отан соғысының жауынгері Нұрмахан Тұрсынбековтың жатқан жеріне барып, белгітас орнатуды мақсат тұтқан оңтүстікқазақстандық делегация сапардың алғашқы күнін ауқымды түсірілімдерден бастап кетті.  «Ұлы балалар ізімен…» жобасы бойынша тарихтан белгілі Қырым хандығын құрған тұлғалар туралы арнайы бағдарлама дайындалатын болады.

img-20180504-wa0020Суретте: Елбасының курстасы, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Марат Қыстаубаев,   Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы, еңбек ардагері Махмұдбек Мухамедов, Шардара ауданының «Құрметті азаматы» Жанзақ Әлібеков.

img-20180504-wa0018Суретте: Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы

Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстанның Құрметті журналисі, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш бастаған қоғамдық делегация бүгін Бахчисарай қаласындағы Қырым хандары жерленген мұсылман зиратында болып, бабалар рухына Құран аяттарын түсірді. «Газы Мансур» мұсылман зиратында Қырым хандарының кесенесі бар. Осында жерленген 18 адамның арасында Қырым хандығын құрған, Қажыгерей мен Бахчысарайдың негізін қалаған Сақыпгерей хандар да бар. 1500 жылы салынған Зинжырлы медресесін де көру бақыты бұйырды. Бұл медресе — төрт ғасыр бойы, кеңес үкіметі орнаған кезге дейін Қырымдағы ислам діни білім орталығы болған.

1280px-mavzoley_dyurbe_dzhanke_hanim_1437img-20180504-wa0019Тарихи орындардан бастау алған «Айғақ» телеарнасының арнайы жобасының назарынан теңіз деңгейінен 500 метр биіктікте орналасқан Жанике ханымның кесенесі де тыс қалған жоқ. Тарихы ХV ғасырға тиесілі Жанике ханымның кесенесі бүгінгі күнге дейін сол күйінде сақталған. Чуфут-кале үңгір қалашығының оңтүстік-батысына қарай жар басында бой тіктеген. Алтын Орда хандығының тарихи мұраларымен тығыз байланысты. Бахчисарай тұрғындары бұл кесенені заманында «Кале-Азиз», «Кыз-Азиз» деп те атаған. 1437 жылы Тоқтамыс ханның бұйрығымен, қайтыс болған қызы Жаникеге арнап кесене тұрғызылады. Жанике кесенесінің солтүстігінен Қырым тауларының әдемі көрінісі мен Ашлама-дере жазығының керемет көрінісінің куәсі бола аласыз.   img-20180504-wa0022Делегация құрамындағы Елбасының курстасы, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Марат Қыстаубаев,  жауынгер Нұрмахан Тұрсынбековтың жиен қарындасы Айымхан Баймаханова, Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы, еңбек ардагері Махмұдбек Мухамедовтер аталмыш орындарды аралап, жергілікті халықтың мәдениетімен таныс болды.      img-20180504-wa0023

Суретте: еңбек ардагері Махмұдбек Мұхамедов.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!