Ботагөз Омар. Қазақстан жеті қырғыз өндірушісінің тамақ өнімдерін кіргізу мен сатуға уақытша тыйым салды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Жеті қырғыз өндірушісінің адам өмірі мен денсаулығына қауіпті тамақ өнімдерін кіргізу мен сатуға тыйым салу бойынша уақытша санитарлық шаралар енгізді», — деді Е,Біртанов сәрсенбі күні үкімет отырысында.
Оның айтуынша, 20 тонна кондитерлік өнім, 11,2 тонна ет өнімдері, 2,5 тонна сүт өнімдері, 1,25 тонна консервіленген, көкөніс өнімдері, 160 партия алкоголь өнімдері кіргізілген жоқ және сауда желісі айналымынан алынып тасталды.
Дереккөз: ҚазТАГ.