fb_img_15252893040971

ОТЫРАР АУДАНЫ «БОТАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ » ДӘСТҮРІН ЖАҢҒЫРТТЫ.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау  аясында
Отырар ауданында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі өтті.

img-20180503-wa01911

img-20180503-wa0132Фестиваль қонақтары мен қазылар алқасын киелі өңірдің қақпасынан аудан басшысы Айтаханов Ерлан Қуанышұлы мен Қазақстанның Халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішеріқызы бастаған мәдениет қызметкерлері мен ауыл ақсақалдары күтіп алып, Отырардан шыққан жас ақын Дәурен Ақсақаловтың ауданның қадір-қасиеті мен қонақжайлылығын тілге тиек ете отырып айтқан  арнауы орындалды.

img-20180503-wa0105

img-20180503-wa0168

Айтулы шара ең әуелі Жаңа шілік ауылындағы «Есжан ата» бағында ұмыт болып бара жатқан «Ботаны қырқынан шығару» дәстүрін қайта жаңғыртудан бастау алды.

fb_img_1525289304097

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі аясында тарихта айрықша орнымен мәлім Отырар төбе көне қалашығы таныстырылды. Ортағасырдағы руханият пен мәдениеттің, сауда-саттық пен  ынтымақтың, береке мен бірліктің, патриоттық сезім мен ерліктің мызғымас мекеніне айналып, бүгінде әрбір кірпіші мен ғимараттардың топырақты орны, ыдыс-аяқ сынықтары мен босағадан бастап қаншама сырды ішіне бүгіп, қасқая тұрған қақпаны көзбен көріп, өткенге көз жүгірткен қонақтар, аудан басшысымен де кеңінен пікір алмасты.

Әбу Насыр әл Фарабиімен тарихтың тұғырынан орын алар Отырар ауданы үшін — Бабтардың бабы атанған, Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан бабтың да орны ерекше. Осы орайда, Арыстан баб кесенесіне де зиярат жасалып, құран бағышталды.

img-20180503-wa0092
Отырарды тану үшін — мұражаймен танысу басты міндет. Себебі мұнда сан ғасырлардан бері қатталған құнды дүниелер ұрпақ санасын жаңғыртып, өткенін ұлықтап, ұлысын қадірлеуге еріксіз шақырады. Осы мақсатта 25000-ға жуық құнды жәдігері бар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайына жол бастаған Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов көптеген тың деректермен де бөлісті. Елдің ерлігі мен ақылдылығы арқасында 6 ай бойы Отырарды ала алмаған Шыңғыс хан әскері мен отырарлықтардың жанқиярлық ұрысы бейнеленген арнайы бұрыштама мен майлы бояумен салынған туынды бір қарағаннан-ақ, халықтың бірнеше қасиетін жұмбақты шешкендей аңғартады. «Дәл осындай дүниелер мен ата-бабамыз қолданған заттар, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды көрсететін төл жәдігерлерді барша жас буынға кеңінен көрсетуіміз керек. Біздің болашақ-әлеуметтік желінің көмегіне бас ию емес, тарихты шынайы көзбен оқып, санаға түюмен маңызды. Әрбір тасы мен сайы, топырағына дейін танысқан ұрпақ- болашаққа да сенімді өсиет айтып, тарихын да терең ұғына алады»-дейді, Ерлан Қуанышұлы.
«Фараб қаласы» атауымен дайындалған этноауылда қолөнер және қылқалам шеберлерінің және вальс королі Ш.Қалдаяқов пен халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын этнографиялық көрмені тамашалауға ұласып, қонақтар Отырар қорық – музейінің қызметкері, қолөнер бұйымдарды жаңғыртушы Ж.Ерімбетовтің шеберлік сабағын  тамашалады.

img-20180503-wa0126

img-20180503-wa0150
Сондай-ақ, аудандағы мәдениет үйлері мен клуб үйірмесі қатысушыларының «Қызғалдақ», «Ұлы дала қырандары» биі орындалып, «Рухани жаңғыру», «Астанаға-20 жыл» шарлары әуеге ұшырылды.
Аудандағы мәдениет мекемелерінің іс-құжаттары және стенд-көрмелерімен танысқан қазылар алқасы «Нұрлы жол-нұр шашқан Шәуілдір» гала-концертін тамашалап, жанды дауысқа құрылған жаңа нөмірлерге қол соқты. Әсіресе, Арыстан баб пен Әбу Насыр әл Фараби, Қайырхан мен Елеусіз ақын, Ө.Жәнібеков пен Т.Әбуова, Ш.Қалдаяқов сынды әлем таныған отырарлық ұлыларды сомдаған тарихи көрініс, күй сайысы мен қос бірдей жетіген аспабымен орындалған «Қосбасар» күйі, классикалық шығармалар топтамасымен елге ерекше әсер сыйлаған Әбуовтер отбасылық ансамблі жаңа серпінмен есте қалса, ақын Серік Сейітманның сөзіне жазылған Отырар аудандық мәдениет үйінің директоры Сағынтай Құттыбайдың «Астана» әні сахнада тұңғыш рет шырқалды.
Фестиваль аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет үйлері мен клуб меңгерушілерінің қатысуымен баспасөз конференциясында қорытындыланды.
Өңірдің тағы да бір киелі мекені-«Бестораңғы» әулиесіне зиярат жасап, тағзым ету де бағдарламадан тыс қалмады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!