19

Қазақстандық көркем гимнастшы Азия чемпионы атанды

Көркем гимнастшы Әділханова Алина көпсайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп Азия чемпионы атанды. Екінші, үшінші орындарды өзбекстандық спортшылар иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, топтық жаттығудан қазақстандық гимнастшылар Сұлтанова Регина, Жакупова Даяна, Талғатбек Анель, Будник Джессика, Даулетқұлова Жанерке екінші орын алды, I орын жапондық гимнастшылар иеленді, III орын малайзиялық гимнастшылар еншісінде.

Жасөспірімдер арасында өткен жарыста Садубаева Аруана, Елшібек Балқыз, Мансұр Дильноза, Ясмин Алиева, Тоқдемір Дерия екінші орын алды, Бірінші орын қытайлық қыздарда, үшінші орында жапондық спортшылар. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық гимнастшылар жасөспірімдер арасында командалық біріншілікте 1 орынға ие болған еді. Сонымен қатар, қазақстандық жасөспірім гимнастшы қыздар көпсайыстағы топтық жаттығуда үшінші орыннан көрінді.

Ал, Роза Абитова қазанның 6-18 аралығында Аргентина астанасы Буэнос Айреста өтетін Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.

Естеріңізге салайық, 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Куала Лумпурде көркем гимнастикадан 10-шы Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Азияның 18 мемлекетінен спортшылар қатысып жатыр.

Спортшылар көпсайыста, көпсайыстың кейбір түрлері мен командалық біріншілікте медальдарды сарапқа салады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!