1-мамыр Қазақстан халықтарының достығы күні. Осыған орайхимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Бірлігі бекем ел» тақытыбында флешмоб ұйымдастырды. 300-ге жуық оқушы қатысқан шараның мақсаты еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің біртұтастығын сақтауға үлес қосу.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының қолауымен өткен жиында жас домбырашылар бір мезетте «Сарыарқа» күйін орындап, бишілер «Қазақ батырлары» биін ұсынды. Одан әрмен 10-нан астам ұлт өкілдерінің ұлттық киімдегі биілерінен флешмоб болды. Айта кетсек, ұлыстың ұйытқысына айналған Оңтүстікте 100-ден астам этнос өкілдері татулықта ғұмыр кешіп, керегені кеңейтіп отыр. Мерекелік жиында сөз алған мектеп директоры Балқан Қасымов мерекенің маңызына тоқталып, барша халықты мерекемен құттықтады.
Ынтымағын – ырысқа, бірлігін-берекегетеңейтін өлкемізде бүгінде ұлтаралық татулықтың шаңырағы саналатын 20 этномәдени бірлестік пен 51 аудандық, қалалық филиал жұмыс жасауда. Ал, 693 оқушы білім алатын зияткерлік мектепте 12 ұлт оқушылыры мен 4 мемлекет мұғалімдері бар. Олардың барлығы бір аспан астында бірлігі жарасып, баянды тіршілік етуде.
Мерекелік жиын соңында оқушылар көк аспанға бейбітшілік пен ынтымақтастық белгісі ретінде шарлар ұшырды.
Аруна ПЕРНЕБЕК.