22

Азия чемпионатында қазақстандық жас боксшылар 10 алтын медаль иеленді

Бангкокта өткен Азия чемпионатында қазақстандық жас боксшылар 10 медаль: ұлдар 6 алтын, қыздар 4 алтын алды. Сонымен қатар, тағы 4 күміс және 4 қола медаль қоржынға салынды, деп хабарлайды baq.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткішпен Қазақстан басқалардан оқ бойы ұзап кетті. Таиландта төрт алтын, Үндістанда үш алтын, Өзбекстан, Вьетнам, КХДР бір-бір алтыннан алды.

Азия чемпионы атанған жерлестеріміз: Махмуд Сабырхан (49), Талғат Шайкен (64), Ермахан Жакпеков (69), Сағындык Тоғамбай (81), Айбек Оралбай (91), Дамир Тойбай (+91), Жансая Абдраимова (51), Надя Рябец (75), Гузаль Садықова (81) және Дина Исламбекова (+81).

Күміс медаль алғандар: Нұрбек Оралбай (75), Майя Бейсебаева (69), Айзада Исламғали (54), Еркежан Даулетжанқызы (57).

«Қола» — Бейбарыс Жексен (56), Әнел Құдайберген (48), Мария Гладкова (60) және Жұлдыз Тойықова (64).

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!