Тақырыптың өзектілігі жасөспірімнің аутоагрессиялық іс әрекетке бейімділігі адамзаттың жаһандық проблемасы болып табылады. Жасөспірімнің аутоагрессиялық мінез құлыққа бейімділігі қандай да бір импульстің ықпалымен, өмірдегі қиындықтардың мағынасын асыра пайдалануымен ерекшеленеді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша жасөспірім балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары балалар өлімінің көп таралған себептерінің үшеуінде екендігін мәлімдейді.
Қазақстан Республикасының Премьер — Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №139-р бірлескен бұйрығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында «суицидтердің алдын алу жөніндегі жобаны» кезең-кезеңімен енгізу мақсатында ОҚО денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» бөлімінің ұйымдастыруы бойынша «Жол картасы» енгізілді. Бүгінде аталмыш бағдарлама еліміздің 15 облысында жүзеге асырыла бастады. Білімін жетілдіру жұмыстары жергілікті бюджет қазынасының есебінен жүргізіледі.
Жобаның мақсаты:
1.«Суицидтердің алдын алу жөніндегі жобаны кезең-кезеңімен енгізу» тақырыбында облыстық мамандар білімін жетілдіру.
2. Анықталған аутоагрессияға бейім «тәуекел тобындағы» жасөспірімдерге медициналық, психологиялық көмекті көрсету үшін тиісті мамандарды ұйымдастыру.
3. Дағдарыс кезеңі орын алған жағдайда жасөспірімдер уақтылы тиісті мамандарға, қайсы мекемелерге көмекке жүгінуі керек екені бойынша ақпарат беру.
4. Кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналары арасында аутоагрессияның алдын алу бойынша ағарту жұмыстарын жүргізіу.
Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтердің алдын алу жөніндегі іс қимылдың ведомствоаралық жоспары бойынша Оңтүстік Қазақстан Облысының денсаулық басқармасы, Оңтүстік Қазақстан Облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы және Оңтүстік Қазақстан Облысының білім басқарамалары келісіліп, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен бекіту жоспарлануда. Жасөспірімдер арасында ведомствоаралық аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша «Тәуекел топтағы» кәмелетке толмағандарға көмек көрсету алгоритмі жасалды. Еліміздің Бас прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, ОҚО кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтің орын алуы бойынша сегізінші орында. Алдыңғы қатарда Ақмола, БҚО және Ақтөбе обллыстары тұр. Ең соңғы қатарда Қызылорда облысы орын алған. ОҚО мамандары жақында ғана осы өңірге арнайы барып, тәжірибе алмасып қайтты. Алдын – ал мәлімет бойынша, ОҚО — ның 15 – 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында суицид көрсеткіші – 100 мың халыққа шаққанда 15,02. Бұл көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда азайған.