Киелі Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев та БАҚ өкілдеріне аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуы мен алда тұрған міндеттері бойынша есеп берді.
Оның айтуынша шаһардың ауыл шаруашылығы саласында ілгерілеушілік байқалады. Айталық 2017 жылы аграрлық сектордың өнімділік көрсеткіші 44 млрд. тенгеден асқан. Оған қоса Түркістан қаласында өнеркәсіп өнімінің көлемі артып, кәсіпкерлік саласы да қанатын кеңге жайып келеді. Туризм саласын дамыту бағыты да басты назарда тұрған Түркістан қаласындағы жүйелі жұмыстар баспасөз жиынында жан-жақты баяндалды.
Абай ОМАР.