Өткен жылы Арыс қаласының жалпы ішкі өнім көлемі 32,8 млрд тенгені құрап тиісті кезеңмен салыстырғанда 110,8 пайызға артқан. Бұдан өзге жеке қаражат есебінен 2 млрд 836 млн тенге инвестиция тартылып бұл көрсеткіш 56 млн тенгеге ұлғайған. Оған қоса Арыста өнеркәсіп өнімінің көлемі артып, Кәсіпкерлік саласы да қанатын кеңге жайып келеді. Әсіресе құрылыс саласында қыруар тірліктер атқарылып жатқан аймақ тынысы туралы қала әкімі Мұрат Қадырбек арнайы баспасөз жиынында жан-жақты мәлімдеді.
Абай ОМАР.