2018 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды виза енгізу жоспарлануда, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап біз электронды визаны енгізбекшіміз, нәтижесінде Қазақстанға келген шетелдік азаматтарға біздің СІМ елшілігіне барудың қажеті болмайды», — деп мәлімдеді Е.Тұрғұмбаев бейсенбі күні заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі ҰҚШҰ Үйлестіруші кеңесінің XXI отырысы барысында.
Сонымен, оның айтуынша, шетелдік азаматқа электронды портал көмегімен ҚР көші-қон қызметіне тікелей хабарласып, барлық анкеталық мәліметтерін толтырып, келудегі мақсаты, қаржылық мүмкіндігі мен болу мерзімін көрсетуі керек.
«Біз ақпаратты мәліметтер базасы арқылы тексереміз, егер шектеу болмаса, визасын рәсімдейміз. Осылайша, тіркеу рәсімі жеңілдейді, әсірісе бізде елшілік қызметі жоқ елдер үшін. Және бізде де елшілік қызметін кеңейту қажеттілгі туындамайды», — деп атап өтті Е.Тұрғұмбаев
Сондай-ақ, ол еске салғандай, былтыр ЕХРО-2017 көрмесі аясында ҚХР азаматтары үшін 72-сағаттық визасыз транзиттік кіру енгізілді – яғни Қытай азаматтары Қазақстанда үш тәулік визасыз жүре алады, бұл ретте біздің елге келген билеттерін, және қайту билеттерін көрсетулері керек.
«2018 жылдың 22 сәуірінен бастап осындай режим Үндістан азаматтары үшін енгізілді. Эксперимент ретінде бұл режім 2018 жылдың соңына дейін жалғасады, соның нәтижесі бойынша аталмыш режімнің басқа елдер үшін де қолданылуы талқыланатын болады». – деді вице-министр.
Бұл ретте, ІІМ көші-қон қызметінің ақпарынша, қазір Қазақстанда 30 тәулік бойы визасыз 61 елдің азаматы жүре алады.
Дереккөз: ҚазТАГ.