Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысында тұратын 24 соғыс ардагеріне 240 мың 500 теңгеден берілетін болды.
Сондай-ақ бір мыңнан астам тыл еңбеккері 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік жәрдемақы алады. Осы мақсатқа жұмсалатын қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Көзі тірі майдангерлердің ең үлкені қазір 98-ге жетсе, кішілерінің жасы 80-нен асқан. Кейінгі ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған батырларды көпшілікке ұлықтау мақсатында Ақтаудың орталық көшелеріне билбордтар орнатылмақ.
Қуаныш Берішбаев, өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
– Жеңіс күні қарсаңында 2016 адамның осындай көмекке қолдары жетеді. Оның ішінде ҰОС ардагерлері бар. Оның 22-сі бүгінгі күнде қалаға қоныс аударды. Қалғандары Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласында тұрып жатыр.
Дерекөз: 24.kz.