Астананың 20 жылдық мерейтойына орай мерейтойлық медаль шығарылады, делінген ҚР «Әділет» министрлігі нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланған хабарда.
«Қазақстан Республикасының азаматтарын және ҚР мен оның астанасын қалыптастыру мен дамытуға, сондай-ақ Астана қаласының 20 жылдығын атап өтуге елеулі үлес қосқан шетелдік азаматтарды ынталандыру мақсатында «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалін құру туралы шешім қабылдадым», — делінген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 17 сәуiрдегi № 667 жарлығында.
Айта кетейік, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі Қазақстан мен оның астанасының қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан қазақстандықтар мен шетелдік азаматтарға беріледі.
«Қазақстан Республикасының Президентіне мерейтойлық медальдерді беруге лайықтыларды парламент палаталарының төрағалары, Министрлер Кабинетінің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, министрліктердің, өзге де орталық мемлекеттік органдардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың, облыстық және аудандық әкімдердің өкілдері, қоғамдық бірлестіктер ұсына алады», — делінген хабарламада.
Мерейтойлық медальді Қазақстан Республикасының Президенті, сондай-ақ Президенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша: ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Парламенті палаталарының төрағалары, ҚР Үкіметінің мүшелері, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері және басқа да лауазымды тұлғалар бере алады.
Сондай-ақ, әрбір жеңімпазға мерейтойлық медальмен марапаттаумен бірге тиісті сертификат беріледі.
«Медаль тапсырылғаны туралы белгіленген формадағы хаттама толтырылып, мерейтойлық медальды тапсырған адамның қолымен, мөрмен расталған, оны жеткізген органның мөрімен бкітіліп, және Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне жіберіледі. Мерейтойлық медаль кеудеденің сол жағында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады», — делінген құжатта.
«Астана 20 жыл» мерейтойлық медаль белгісі мен алаңнан тұрады. Мерейтойлық медаль белгісі 34 мм диаметрі бар сары түсті жезден тұратын тұрақты шеңбер болып табылады.
Мерейтойлық медальдің алдыңғы жағында 25 мм диаметрі бар шеңберде Астананың көрікті ғимараттарының бейнесі орналасқан: орталықта алдыңғы қатарда «Астана Бәйтерек» монументі, сол жақтан оң жаққа қарай Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы, Бейбітшілік және келісім сарайы және Тәуелсіздік ескерткіші алдыңғы жағының шетінде орналасқан «Астана» тқменгі жағында «20 жыл» мәтіні бар, тараптардың мәтіндері арасында ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
Медалдың артқы жағында ортасында диаметрі 25 мм «Қазақстан Республикасының 2018 жыл» деген жазу бар, оның арт жағында ұлттық ою-өрнегі бар шеңбердің суреті бейнеленген», — делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазТАГ.