«Сайрам- Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы Түлкібас ауданына қарасты Балықшы ауылының аумағына 1000 түпке жуық ағаш көшеттерін отырғызды. Яғни «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» Республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға жергілікті тұрғындар да үлес қосып белсенділік танытты. Қоршаған ортаны қорғап өскелең ұрпақты табиғатты күтіп ұсауға баулу мақсатын ұстанған «Сайрам- Өгем» ұжымы бұған дейін де өздеріне қарасты орман қоры аумақтарына 30 мыңнан астам жас көшеттер қондырып үлгерген.
Абай ОМАР.