Биыл ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша алғашқы түлектер бітіріп шығады.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан кибер және ақпараттық қауіпсіздік мамандарына айтарлықтай зәру екенін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Кадрлар дайындығына қатысты айтар болсақ: біз 2017 жылы мемлекеттік органдардың ақпарттық қауіпсіздік мамандарына қатысты қажеттілігін сараладық. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдарға 1520 маман қажет. Біз квазимемлекеттік сектор мен нарықты да сараладық. Жалпы еліміз бойынша осы сала мамандарының тапшылығы 32 мыңға жетіп отыр. Қазірде ақпараттық қауіпсіздік мамандарын еліміздің белгілі жеті жоғарғы оқу орыны оқытып жатыр. Жеті ЖОО-да қазір 543 маман білім алуда, биыл алғашқы 143 түлек оқуын бітіріп шығады», — деді бүгінгі Сенатта өткен пленарлық отырыста министр Бейбіт Атамқұлов.
«Бізде гранттармен үлкен жұмыс жүргізілуде. Білім және ғылым министрлігімен тығыз қарым-қатынастамыз, біздің ұсынымыз бойынша Білім және ғылым министрлігі гранттар санын 160-қа дейін ұлғайтты. Енді 2018 жылдан 2021 жылға дейін біз 500 маман дайындаймыз. Біз ақпараттық қауіпсіздік мамандарын әзірлеу стандарттарының тексеруден өткіздік. Бізге ақпарттық қауіпсіздік технигі маманы қажет, олар колледждерде оқытылатын болады. Бұл мәселені біз «Болашақ» бағдарламасымен бірлесе шештік. Мамандарымыз шетелде кибер қауіпсіздік бойынша тәжірибе алатын болады», — деп атап өтті Бейбіт Атамқұлов.