«Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына бір жыл толды | "Айғақ" ақпараттық порталы
136

«Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына бір жыл толды

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласына 1 жыл толды. Осыған орай, “Ұлт тарихындағы Ұлы белес” атты жиын ұйымдастырылды. Келелі жиынға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, ғалымдар,  журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлттың ұйытқысы Оңтүстік өңірінде болған бас қосуда “Рухани жаңғыру” аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы  міндеттер мен жоспарлар тыңдалды. Елбасының халыққа арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы барша қазақстандықтардың алдағы атқаратын міндеттерін айқындап берді. Бұл күні жиынға қатысушы мәртебелі меймандар   ең алдымен  “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында   құнды жәдігерлер  жасақталған кешенді  көрме мен облыста  атқарылған жұмыстар туралы фильмнің көрсетілімін тамашалды. Бағдарламаның барысымен  алда тұрған міндеттер жайын  баяндаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев  әлемдегі  әрбір ұлттың  әлеуеті  тарихтың сабақтастығынан үлгі алуы мен тәжірибе жинақтаудағы қабілетіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Жалпы алғанда облыста “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған өңірлік Жобалық кеңес тарапынан 46 жоба, 168 іс-шара әзірленіп, жүзеге асыруда. Ал, Рухани жаңғыру бағдарламасын түсіндіру насихаттау шарасына 1 миллионнан  астам адам қамтылды. Бұдан бөлек, облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени сәулеттік және археологиялық ескерткіштерінің фотоальбомы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалынып, таратылды.

Президентіміз  бұл Рухани жаңғырудың жолын көрсетіп қана қоймай  оны жүзеге асырудың  нақты бағыт бағдарын да ұсынды.  Бұл ретте, Елбасы бәсекеге қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөлді. Қазақ халқы үшін  бұл бүгінгі таңдағы басты талаптардың бірі.

Алдағы күндері өңірімізде бағдарлама аясында ауқымды жобалар жүзеге аспақ. Мәселен, Сайрам ауданындағы  “Ханқорған” археологиялық қалашығына  археологиялық қазба мен ашық аспан астындағы музей ашылады. Ал, “Ордабасы тауы” қорық мұражайларында  ел бірлігін дәріптеген Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріне монумент орнатылатын болады.

Аяжан Дәулетбай.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!