133

Головкин 5 мамырда кіммен бокстасатыны шешілді

Орта салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасында әлем чемпионы Геннадий Головкин Мексиканың «Синко де майо» мерекесіне орай 5 мамыр күні жекпе-жек өткізетін болды. Қарсыласы — америкалық боксшы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО), деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек 5 мамырда Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өтеді.

Еске сала кетсек, 5 мамырда бұған дейін Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегі жоспарланған болатын. Алайда мексикалық боксшы «Канелоның» допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп ресми түрде бұл кездесуден бас тартатынын мәлімдеді.

Осыдан кейін Головкиннің командасы қазақстандық боксшыға лайықты қарсылас іздей бастады. Боксшының промоутері Том Леффлер ресми мәлімдеменің 18 сәуір күні жарияланатынын айтқан болатын. Бүгін Головкин инстаграмдағы ресми аккаунтында Ванес Мартиросянмен жекпе-жек өткізетінін растады.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!