11

Қазығұрт ауданында Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрдің ескерткіші ашылды

Қазығұрт ауданында Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрдің ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты. 1643 жылы «Орбұлақ» түбінде қазақ еліне төнген қауіптің бетін қайтарып, елдің еңсесін биіктеткен қос тұлғаның есімі ұлықталып, жамағат ата-бабалар рухына құран бағыштады.

18

16

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, туған жерді түлету, өткенді ұмыт қалдырмай, тарих тағылымын кейінгі ұрпаққа насихаттауға баса мән берілген. Қазығұрт жеріндегі шара да дәл осы бағыттағы игі істердің бірі. Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрдің есімі қайта ұлықталып, қос тұлғаға ескерткіш ашылды.

3

Ерен ерлігімен қазақ тарихында ойып алар орны бар батырлардың бірі – Жалаңтөс Сейітқұлұлы. Жалаңтөс баһадүрді  күллі түркі халқының мақтанышына айналған көрнекті қолбасшы деуге де болады. 1567 жылы Сырдария бойындағы Қазалы жерінде дүниеге келген Жалаңтөстің азан шақырып қойған есімі Әбдікәрім екен. Қазақ тарихындағы мәліметтерде Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрдің тығыз байланысын аңғаруға болады. 1643 жылдары Жетісу аймағына басып кірген жоңғар қалмақтарымен шайқасқан Жәңгір ханға, Жалаңтөс 20 мың әскермен  көмекке келіп, басқыншыларды талқандауға қол ұшын созған. Бұл ұлы шайқас тарихта «Орбұлақ шайқасы» деп те аталды. Сондай-ақ, 1644 жылдары Бұхар хандығына жасалынған соғыста, елді қорғауға Жәңгір хан 100 мың қолмен Жалаңтөс баһадүрге қолдау танытқан. Нәтижесінде, біріккен күштің арқасында қос тұлға жеңіске жетіп, түркі халықтарының арасында есімдері әйгілі бола түскен. Сөйтіп, Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шахарын қырық жылдан аса биледі деген деректер де бар. Бүгінде қазақ халқымен қоса  өзбек ұлтыда Жалаңтөсті қамқор баһадүр деп таниды.

11

Тәуелсіздігінің тұғыры нығайған қазақ елі, өткен тарихы мен дәстүрін, мәдениетін қайта жаңғыртып келеді. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімінен соң, ата-бабалардың рухына құран да  бағышталды. Айта кетейік, биыл Жалаңтөс баһадүрдің туылғанына 440 толып отыр. Бұл тұрғыда, еліміз бойынша  батырдың есімімен аталатын бірқатар рухани дүниелер жасалуда.

5

25

Күллі қазақ жұртының мақтаныштары, тарих қойнауына енсең ерен ерліктерімен ойып алар орны бар хандар мен қолбасшы батырларымыз жетерлік.  Ал, олардың есімін жаңғыртып кейінгі ұрпаққа насихаттау, бірлігіміз бен құндылығымызды арттыра түспек. Елбасы мақаласындағы бағдарда елдің еңсесін биіктетіп, тарих пен мәдениеттің айрықша көрінісін қайта жаңғыртып отыр.

Жомарт БЕГІМБЕТ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!