sequence-03-still005

Орбұлақ шайқасына – 375 жыл

Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай  халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Бұл басқосу Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында өтті. Ғылыми-теориялық конференцияға Қырғыз мемлекеттік университетінің ректорымен қатар  Астана, Алматы және басқа да қалалардың белгілі тұлғалары арнайы келіп,  баяндама оқыды. Айта кетейік,  Орбұлақ шайқасы жайлы халықаралық жиын өңірімізде алғаш рет өтуде.

sequence-03-still001

Ел есінде қалып, қазақ батырларының ерлігі аңызға айналған айқастың бірі – Орбұлақ шайқасы. «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы жеңістің ақиқаты және маңызы» тақырыбындағы жиыннан бөлек тағы бір жәйт сөз етілді. Яғни, киелі Қазығұрт тауынының етегінде Салқам Жәңгірхан мен Жалаңтөс батырға ескерткіш орнатылып, өткен тарихи тұлғаларға құрмет көрсетіліп отыр. Бұл игі бастамаға ұйытқы болған белгілі заңгер – Бекет Тұрғараев.

sequence-03-still004

Айта кетейік, Орбұлақ шайқасы туралы көріністі өңіріміздегі Әуезов университетіндегі көрмеден тамашалауға болады. Орбұлақ шайқасы жайлы жазылған тарихи кітаптардың бір қатары осы жерде.

sequence-03-still006




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!