img-20180414-wa0043

ЖАСТАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ОТЫРАР АУДАНЫНА КЕЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ көшпелі Пленарлық отырысы өткені белгілі.
Кеңестің жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ОҚО әкімі Ж.Түймебаев, Үкіметтің мүшелері, Парламент депутаттары мен еліміздегі жастар ұйымдарының көшбасшылары және жастар саясаты саласындағы сарапшылар қатысып, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясындағы қазіргі қазақстандық жастардың құндылық пайымдары және өзекті аспектілері мен жастардың мәдени – демалыс қызметтерін ұйымдастыру жайы қаралған болатын.
Осы орайда, аталған жиынға қатысқан делегаттардың бір тобы Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, аталған министрліктің жастар саясаты жөніндегі  департамент директоры Асхат Омаровтың бастауымен білім мен руханияттың, ұлылықтың тарихы терең шежірелі өлкесі — Отырар ауданына сапарлап, жай-күйімен танысты.

img-20180414-wa0030
Рухани құндылықтарға бай аймаққа арнайы келген қонақтарды Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов күтіп алып, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейіндегі ауданның тамырлы тарихын айқындайтын көне жәдігерлерімен таныстырды.
Сапар барысында ашық аспан астындағы мұражай саналатын Отырар төбе қалажұрты да қонақтар назарынан тыс қалмады. Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының біріне айналып, бүгінде көненің жарқын ізін қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әрбір қышы, үйінді төбешіктерімен ұрпақ баласына ұғындырар тарихи орын жастарды бей-жай қалдырмады.

img-20180414-wa0017

img-20180414-wa0028
Сондай-ақ, бабтардың бабы — Арыстанбаб кесенесінде құран оқып, бабалар рухына бас иген қонақтар  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әзірленген тарихи екі нысанның абаттандыру жұмыстарының жоспарына да қанықты.
Аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы ел тарихын  жастардың терең тануы олардың таным көкжиегін арттыратынын, отан сүйгіштікке баулитынын, Елбасымыздың жастарға сенім білдіретінін баяндай келе, қонақтарға аудан тарихынан сыр шертетін кітаптар мен қолөнер бұйымдарын сыйға тартты.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!