img-20180416-wa0046

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ЖАЗБА ЖАУҺАРЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Жамбыл облысы Тараз қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК мен «Ежелгi Тараз ескерткiштерi» тарихи-мәдени қорық-музейі» «Ұлы Дала Елінің жазба жауһарлары» атты көрмесінің ашылу салтанатын өткіздi.

img-20180416-wa0060
Атаулы шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылуда.
Түркі жұртының тәу етіп, рухани тамырын түйістірген Түркістан қаласынан жеткен Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған мұралары  «Диуани хикмет» кiтабының қолжазба нұсқалары мен «Пақырнама» еңбегi, «Насабнама» шежiрелiк қолжазбасы және өз заманында қолданған мөрі, қолжазба көшірмелері, сол дәуірде қолданыста болған шырағдандар мен ұлы тұлғаның соңынан ерген шәкірттері Сүлеймен Бакырганидың «Диуан» қолжазба еңбегі, Имам Магрудидің «Қисса» қолжазба еңбектерінен құралған тарихи көрме.

img-20180416-wa0045

img-20180416-wa0048
Бұл көрме ағымдағы жылдың 30-шы сәуiр күніне дейін Тараз қаласының қонақтары мен тұрғындары назарына ұсынылады.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің
баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!