img-20180417-wa0066

ОҚО мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясы жұмысын бастады

Бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясысының жұмысына 40 депутат пен 45 ОҚО Қоғамдық Кеңесінің мүшесі қатысты.

img-20180417-wa0065

img-20180417-wa0069

 Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралады. Атап айтқанда:

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;

  3. «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №51 қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 ақпандағы №20/237-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  4. «Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Мақтарал және Сарыағаш аудандарын бөлу жолымен құрылатын аудандарға атау беру туралы ұсыныстарды енгізу туралы» бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №52 қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 ақпандағы №20/238-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы;

  6. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/263-V «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  7. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №31/249-VI «Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  8. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту» туралы.

  9. Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін облыстық, республикалық, халықаралық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы болатын.

    Өткен сессияда Мақтарал ауданын үшке бөлу туралы мәселесі қаралған болатын. Бүгін Мақтарал ауданынын бөлу туралы мәселе қайта қаралып, ауданды екіге бөлу туралы шешім қабылданды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!