Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК мен «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Киелі отырардың қасиетті мұралары» атты көрмесінің ашылу салтанатын өткізді.