Өңірімізде мүгедектердің қол жетімді ортасын құру мақсатында жеке меншіктегі нысандарға еркін кіріп-шығуды қамтамасыз ету үшін 2016 жылдың 20 сәуірінде «Біз біргеміз» акциясы бекітілген болатын. Қазіргі таңда бұл бастама қаншалықты деңгейде орындалуда? Міне, осы тұрғыда Абай ауданы тарапынан методикалық көмек көрсету және зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы әр саладан 20 адамнан тұратын комисия құрылған. Бүнінгі таңға дейін бұл топ барлық тіркелген 514 нысанға түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Оның ішінде 320-сы стандартқа сай болса, 104 жекеменшік ғимараттарда әлі күнге дейін пандустар орнатылмаған. Бүгін осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында аталған топ кәсіпкерлерге ескертпе жұмыстарын жүргізді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орындарға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасау, олардың қоғамда өзін толыққанды азамат ретінде қабылдауына көмек көрсету – баршамыздың адами борышымыз деп санаймыз. Сондай-ақ барлық жеке меншік нысан иелеріне «Біз біргеміз» акциясына толыққанды қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шықырамыз.
Жансая Елемесова.