027

Өзбекстандағы 372 мектепте қазақ тілі оқытылады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1038 мектептің 136-да өзбек және тәжік тілдері оқытылады, деп хабарлады 24.kz.

Демек оқушылар мемлекеттік тілден бөлек орыс, ағылшын және өз ана тілдерінде білім алады. Бұл жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, бірнеше тілді еркін меңгерген сауатты тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда мұндай білім беру жүйесі педагогикалық кадрларды даярлауда қатаң талапты қажет етеді. Себебі, олар үнемі өз білімдерін жетілдіріп, оқу үдерісіне озық оқытудың әдістерін енгізіп отыруы керек. Осыған байланысты Шымкентте Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған елімізден бөлек Өзбекстан мен Тәжікстаннан 300-ге жуық болашақ мұғалімдер мен білім саласының мамандары қатысты. Олар көптілді оқыту жағдайындағы ана тілін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Райхан Есімханова, облыстық әдіскерлік кабинеті директорының орынбасары:

— Өзге ұлттың тілін білу арқылы сол ұлттың мәдениетін тани бастайды. Әлем мәдениетін тану арқылы баланың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік, азаматтық патриотизм қалыптасады.

Өсербай Байқабылов, конференция қатысушысы /Өзбекстан/:

— Өзбекстанда 372 мектепте қазақ тілі оқытылады. Оқушылар 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін өз ана тілінде білім алу құқығына ие. Яғни айтайын дегенім, бұдан кейінде екі елдің ынтымақ-бірлігі, достығы арта берсін. Осындай білім-ғылым саласында тәжірибеміз молая түссін.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!