021

ШҚО-да жер қақ айырылды: Ұзындығы екі шақырым шұңқыр пайда болды

ШҚО Қатонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы Қараөзек учаскесінде қар суының еруі салдарынан далалық жолда геологиялық жарыққа ұқсас терең шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды tengrinews.kz altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметтері бойынша, шұңқырдың ұзындығы шамамен екі шақырым, көп бөлігінің тереңдігі 5-6 метрге дейін жетеді, ал ені 4-5 метр. «Осыдан бір ай бұрын ғана бұл жерде жол болды дегенге сену қиын. Ол жолмен ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлар, автокөліктер және жегін көліктері жүретін. Бұл жол «Жас қанат» шаруа қожалығының мал шаруашылық қыстауларын байланыстырып тұрған күре жол болатын», — делінген жарияланымда.
022

023

Басылымның мәліметінше, екі бульдозер шұңқырды астынан бастап күреп жатыр. Жол екі айда қалыпқа келтіріледі.

024
025
026



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!