028

Пара алғаны үшін ұсталған экс-прокурорға үкім шықты

Қарағанды облысының Приозерск қалалық соты экс-прокурор Ержан Тұрысбековты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды, деп хабарлайды  tengrinews.kz.

Іс материалына сәйкес, экс-прокурор өзінің 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алғанын мойындап, кінәлі деп тану келісіміне қол қойды.

Сот мәлімдемесінде, айыпталушыға мүліктік тәркілеусіз пара көлемінен отыз есе айыппұл салынып, яғни, мемлекеттік кірістерге 9 миллион 810 мың теңге төлесін деген үкім шығарылды. Сот айыпталушыны өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айырды.

Сонымен қатар, сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сотталушы айыппұлды бiр айдан кешiктiрмей төлеуге мiндеттеді. Егер сотталушы айыппұл төлеуден жалтарса, жаза түрінде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!