ОҚО-да облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов түрмеге жабылды.
Шымкенттің Абай аудандық соты 11 сәуірде бұрынғы шенеунікке қатысты үкім шығарды.
Тергеу мәліметі бойынша, Полатов жүйелі негізде үш аудандық бөлімшелердің басшыларымен және бір бас маманмен бірлесіп, «Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша мемлекеттік сатып алулар келісімшарттарын жасау үшін заңды тұлғалардан бопсалау арқылы пара алып отырған.
Шенеуніктер өткен жылдың қыркүйегінде қамауға алынған болатын Сәтжан Полатовтың қылмыстық ісі, оның қалауы бойынша жеке өндіріске шығарылды.
Тергеу нұсқасы бойынша, басқарма басшысының орынбасары өз сыбайластарымен бірлесіп жалпы 5,9 млн теңге пара алған. Сот барысында Сәтжан Полатов прокурормен процестік келісімге келді. Жарыссөз барысында айыптаушы тарап сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Абай сотының төрағасы Сайдбаттал Тоқбергенов Сәтжан Полатовқа қатысты орташа қауіпсіздіктегі түрмеде 5 жыл мерзімде жазасын өтеу жөнінде үкім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушының апелляциялық шағым жолдауға 15 күн уақыты бар.
Дереккөз: Baq.kz