Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтті.
Өнер додасының мақсаты — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Астананың 20 жылдық мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан композиторлардың патриоттық әндерін, оның ішінде патриоттық тақырыптағы туындыларын халық арасында кеңінен дәріптеп, композитор мен орындаушы арасындағы шығармашылық байланысты дамыту болып табылады.
Байқауға өңірімізден 72 үміткер өтініш білдіріп, оның ішінен іріктеп алынған 28 композитордың Астана туралы және патриоттық әндері екі кезеңде орындалды.
Байқауға ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, композиторлар одағы Астана қалалық бөлімшесінің төрағасы Әбдінұров Серікжан Құттымбетұлы, Оңтүстік Қазақстан композиторлар одағының төрайымы, композитор Сәтмұханбетова Құралай Шайзадақызы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші
Шойынбаев Құрманбай Алтайұлы, ҚР Жазушылар Одағы ОҚО филиалының төрағасы, ақын Алдияр Бақытжан, халықаралық, республикалық ән байқауларының лауреаты, Сайрам ауданының Құрметті азаматы, әнші, композитор Бағдат Алтаев қазылық етті.
Үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартының сәйкестігіне, музыкалық өңдеуі мен ән мәтінінің мазмұндылығына, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне, композитор шығармасындағы гармониялық үйлесімділік пен композициялық шешімдерге, мүмкіндігінше бұрын орындалмаған жаңа әнге назар аударған қазылар алқасы композиторлар арасынан бас жүлдеге Шымкент қаласынан Кеңесов Ізбасарды, ал әншілер арасынан «Сарын» тобын лайық деп тапты. Жүлделі бірінші орынмен Түлкібас ауданының композиторы Шымырбаева Рысты және шымкенттік «Фараб» дуэті марапатталса, екінші орын композиторлар үшін Ордабасы ауданынан Байбосынов Мұхан және Сайрам ауданынан Дәрібаев Белгібайға, әншілер үшін Шымкент қаласынан Қанатбек Айбек және түлкібастық Әлімбек Бексұлтанға берілді.
Үшінші орынға композиторлар үшін Шымкент қаласынан Тұрлыбеков Мұхтар және шымкенттік Қасымбеков Алжан, әншілер үшін шымкенттік Ақылбек Бахтияр және Қабай Мақсат ие болды. Сондай-ақ, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесімен Шымкент қаласының композиторы Фархат Ескенеев, «Ең үздік музыкалық өңдеу» номинациясымен Мақтарал ауданының композиторы Қасқырбаев Мұхит марапатталса, «Ең жас әнші» номинациясы Отырар ауданынан Мырзахметова Майраға, «Көрермен көзайымы» номинациясы Шардара қаласынан «Шардара» дуэтіне, «Патриоттық әнді үздік орындаушы» номинациясымен шымкенттік әнші Бахтов Фарходқа, «Мәңгілік ел» номинациясымен Кентау қаласынан Исаев Сержанға, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі Қазығұрт ауданынан Қожатаев Нұрбекке, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының арнайы жүлдесі Бәйдібек ауданынан Әшірбек Жандосқа табысталды.
Барша жеңімпаздар мен номинация иегерлері арнайы алғыс хат пен қаржылай сыйлықтарға ие болды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет...