aksha

Еліміздегі шетелдік компаниялар есеп айырысуды ұлттық валютада жүргізуге міндеттеледі

Фото: Vlast.kz

Қазақстандағы шетелдік ұйымдар теңгемен есеп айырысуы керек. Бүгін Мәжіліске валюталық реттеу туралы заң жобасын әкелген Данияр Ақышев осылай мәлімдеді. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қазір елімізде осындай 4500-дей компанияның бөлімшесі бар және олар бұған дейін бірқатар басымдыққа ие болып келді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері отандық компаниялар да нық аяқтан тұрып, оң-солын таныды. Бәсекеге қабілетті болды. Сондықтан енді шетелдік және жергілікті компаниялардың құқықтарын теңестірер уақыт келді дейді. Оның ішінде шетелдік компаниялардың ел аумағындағы ақша айналымын ұлттық валютада жүргізуге міндеттеу бар. Бұл бастамалар ірі қаржылық операцияларға ғана қатысты. Сондықтан қарапайым жұртқа кесірі тимейді деп, қадап айтты Ұлттық банкі төрағасы. Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы: – Заң жобасының негізгі міндеті валюталық операциялардың мониторингін кеңейту және Қазақстан аумағындағы шетел валютасын есеп айырысуда пайдалануды қысқарту болып табылады. Аталған нормаларды іске асыру валюталық бақылау тиімділігін, оның ішінде елден ақшаны әкетуге қарсы іс-қимылды арттыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: 24.kz

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!