0008lb-still001

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша бизнес-конференция ұйымдастырылды

 «Әйел және бизнес – ашық диалог». Дәл осы тақырыпта шаһарда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша бизнес-конференция ұйымдастырылды. Бұл шараға аймақтардан  100-ге жуық әйел заты қатысты. Олардың ішінде бизнесті жаңадан үйреніп жатқандар мен майталман бизнесвумендер бар. Олар өздерінің кәсіптерінде кездескен түйіткілді мәселелері мен табыстары туралы бөлісу үшін арнайы облыс орталығында бас қосып отыр. Еске сала кетсек, 2015 жылы ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жанынан Іскер әйелдер кеңесі құрылған болатын. Оның құрамында 120 жуық аудан және қалалардан жиналған белсенді әйелдер бар. Бұл кеңес нәзік жандылардың бизнес қауымдастығына заңдық және практикалық көмек көрсетеді. Бүгінде, қыз-келіншектердің кәсіпкерлікке деген ұмтылысы артып келеді.

0022xm-still001 0016m8-still001 0012q3-still001 2

2016 жылы кәсіпкер әйелдердің саны жалпы кәсіпкерлердің 30 пайызын құраса, былтыр олардың үлесі 45 пайызға жетті. Әйел басшылардың саны бойынша Алматыдан кейін ОҚО екінші орында, яғни 76 623 нәзік жандылардан құралған. Кездесуде айтылғандай, ОҚО-дағы әйелдер кәсіпкерлігінің өзінің өзекті мәселелері де жоқ емес. Олар қаржыландырудың аздығы, несиенің қолжетімсіздігін алға тартып отыр. Мұндай жағдайларды шешу жолдары  конференцияда назардан тыс қалмады.

Жансая Елемесова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!