sequence-02-still011

Еңбек нарығын жаңғырту мақсатында Оңтүстіктен Солтүстікке көш аттанды

Республикамыздың солтүстік өңірлеріне қоныс аудардырушыларды шығарып салу рәсімі өтті. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғыртуда басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету жөнінде атап көрсетті. Міне, осы мінтеттемелерді жүзеге асыру аясында облысымыздан еліміздің солтүстігінде орналасқан қалаларға жұмыс күші тартылды.

1

Біздің облыс артық жұмыс күші бар, республикадағы халқы тығыз орналасқан өңір. Бүгінде жұмыссыздар саны 62,7 мыңға жетіп республика халқының 16,1 пайызын құрайды. 1 шаршы шақырым аумақтағы тығыздығы орташа есеппен 22,4 адамды көрсетіп көрсеткіштен 3 есе көп. Осыған орай, ОҚО-нан еңбек күші жетіспейтін еліміздің солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде.

5

2015-2017 жылдары аймақтан 347 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Әр отбасында кемінде бір адамды жұмыспен қамтылып түрлі салада жемісті қызмет етуде. Биылда аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, 665 отбасы қоныс аударады.

sequence-02-still010

Үкімет тарапынан қоныс аударушыларға жағдай жасау мақсатында ҚР заңнамаларына өзгерістер енгізілуде. Бүгінде қоныс аударушы әр отбасы мүшесіне 84175 теңге көлемінде көшу үшін материялдық көмек беріледі. Жыл бойы үйді жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін 48100 теңге мен 7215 теңге мөлшерінде қаржы төлейді. Сонымен қатар, жұмыс орнын ашып, кемінде бес қоныс аударушыны үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылдаған азаматқа 1082250 теңге субсидия бөлінетін болады.

sequence-02-still008

Аталған жұмыстарды атқаруға билікпен бірге іскер азаматтар мен мәслихат депутаттары белсене атсалысуда. Мәселен, облыс мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабековтың демеушілігімен 9 аудан, қаладан 125 отбасы алдағы уақытта қоныс аудару мақсатында баратын жерлерін көзбен көріп, танысып қайтады. Олардың 75-і Повладар, 25-і Қостанай, 25-і СҚО-на баруға ниет білдіруде.

4

Бағдарламамен солтүстікке қоныс аударушылардың бірі Жанар Төлегенова. Ол өзімен бірге екі баласын ертіп, күнелту мақсатында сапарға шығып отыр. Айтуынша, бұл бастама балаларының болашағына нық қадам басуға мүмкіндік береді дейді.

sequence-02-still009

6

Халық қалаулылары Солтүстік өңірлеріне қоныс аударушыларды шығарып салып ақ жол тіледі. Сапарға аттанған оңтүстік тұрғындары алдағы уақытта өзге өңірлерге еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқаратынына сенім білдіреміз.

Жансая Елемесова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!