ҚР Премьер-министрі кәсіпкерлердің банкрот болмауы үшін Үкіметпен қабылданған шешімдер норматив бойынша тұрақты болуы тиіс екенін айтты.
«Елбасының әлеуметтік бес бастамасы бойынша жатақхана соғу мәселесін мемелекеттік-жекешелік әріптестік бойынша шешу керек. Бердібек Сапарабаев кеше де, бүгін де айтып өтті. Кәсіпкерлерді шақырамыз, жұмысқа тартамыз да, артынан тарифтердің бәрін өзгертіп жатамыз. Яғни, бір жыл жұмысын бастамай жатып әрі қарай банкротқа итермелейді деген сөз. Әріптестер, көріп отырғанымыздай жұмыстың 52%-ы әлеуметтік салада болып отыр. Бюджет тарапынан берілетін қаржының қомақты көлемін азайту үлкен көмек. Біздің шешімдеріміз әркез кәсіпкерлермен, өңірлермен ақылдаса отырып қабылдануын, тұрақты жағдайда болғанын қадағалуды сұраймын», — деді Премьер-министр.
Дереккөз: Baq.kz.