Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жұлдызсыз қонақ үйлерді студенттер жатақханаларына айналдыруды ұсынды.
«Біз Астанадағы төрт үлкен жоғары оқу орнымен жұмыс істедік, жатақханаға деген қажеттілік — шамамен 10 мың орын. Біз жалпы ауданы 10,5 гектар болатын 10 жер учаскесін анықтадық. Қазір бұл бағдарлама бойынша Білім министрлігі университеттермен жұмыс істейді.
Колледждерде жатақханаға деген сұраныс шамамен 2000 орын бар», — деді ол мемлекет басшысының бейсенбі күні астананы одан әрі дамыту жөніндегі кездесуінде.
Әкімдік ақпаратына сәйкес, осы университеттердің арасында — Л. Гумилев ат. ЕҰУ. С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті, Астана медициналық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті бар.
«Біз сондай-ақ балама механизмді құруды және пайдалануды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта қалада МЖӘ үлгісімен студенттерге қызмет көрсететін 9 мыңға жуық төсек қоры бар 100-ден астам жұлдызсыз қонақ үйлер мен жатақханалар бар.
Бұл ақша мен уақытты үнемдейді. Біз Білім министрлігімен тиісті ұсыныс жасаймыз», — деді Ә.Исекешев.
Әкімдіктің ақпараты бойынша Астанада 26 мың студенті бар 35 колледж бар, оның 1800-і жатақханада (11 жеке және 9 мемлекеттік), тағы да 2,1 мың орын қажет.
«Мен жария еткен жатақханалар салу бағдарламасы бойынша да белсенді қатысу керек», — деді өз кезегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.