«Шұбаркөл көмірді» жаңа басшы басқарады, делінген Eurasian Resources Group (ERG) хабарында.
«Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Кемаль Рашатұлы Усмановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ директорлар кеңесінің Шешімімен Андрей Александрович Сафонов акционерлік қоғам президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды», — делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, А.Сафонов Еуразия тобының құрылымындағы жұмысқа 2001 жылы геолог қызметінде кіріскен. 2016 жылдың қараша айынан бері А.Сафонов жұмысын «Шұбаркөл көмір» АҚ-ында қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы лауазымында жалғастырды. 2017 жылдың ақпан айынан бері аталған кәсіпорында өндіріс жөніндегі вице-президент қызметін тиянақты атқарып келді.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ ERG құрамына кіреді. Қызметінің негізгі бағыты — ашық әдіспен көмір өндіру, қызметінің басқа түрлері – кокс газынан электр энергиясын және арнайы кокс өндіру.
ERG — өндіру, қайта өңдеу, энергетика, логистика салаларында кәсіпорындары толық біріктірілген дүние жүзіндегі әртараптандырылған тау-кен металлургиялық жетекші Топтарының бірі. 14 елге бизнесті жамыту жобаларын ұсынған. Активтерінің негізгі бөлігі Қазақстанда. Басқарушы компанияның бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.
ҚазТАГ.