112

«Қазақстан аруы-2018» байқауының жеңімпазы анықталды

Астанада «Қазақстан аруы-2018» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды. Нәтижесінде, «Қазақстан аруы» атағын Атырау өкілі, 16 жастағы Альфия Ерсайын иеленді, деп хабарлайды egemen.kz.

Альфия Ерсайын қазір Атырау гуманитарлық коледжінің студенті.

Байқауда бақ сынау үшін елордадағы ақтық кезеңге Қазақстанның әр аймағынан бас-аяғы 30 ару жиналды. Салтанатты кеште қазылар финалға шығатын 5 аруды іріктеп алды. Оған Динара Баймұратова (Семей,17 жаста), Сабина Әзімбаева (Алматы, 18 жаста), Маймуна Күлкешева (Астана, 19 жаста), Альфия Ерсайын (Атырау, 16 жаста), Екатерина Дворецкая (Карағанды, 19 жаста) ілікті.

Осыдан соң еліміздің ең сұлу аруын дәстүрлі түрде қазақстандықтар тікелей эфир арқылы өткізілген онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Оның қорытындысы бойынша, көп дауыс жинаған «Қазақстан аруы-2018» байқауының жеңімпазы анықталды.

113

Дауыс беру нәтижесінде бірінші вице-мисс атағына Е. Дворецкая лайық деп танылса, екінші вице-мисс болып М. Күлкешева танылды. Ал үшінші вице-мисс атағын Д. Баймұратова жеңіп алды.

Бір айта кетерлігі, ұлттық финалды әдеттегідей жаңа жыл қарсаңында емес, Наурыз мерекесі күндерінде өткізілді. 22 наурыздан бастап «Қазақстан аруы-2018» ресми сайтында байқау финалистеріне дауыс беру басталған еді.

«Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы ақшалай жүлдеден бөлек, люкс брендтерімен жарнама бойынша бірқатар келісімшарт жасайды және тиісінше «Әлем аруы-2018» байқауында Қазақстан Республикасының намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!