— Экспорттық әлеует, субсидиялау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестициялар тарту, АӨК-ті технологиялық жаңғырту, етті мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелерін шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды;
— Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені перспективалық болашаққа ие екенін атап өтті. Еліміз көптеген позициялар бойынша әлемдегі аграрлық экспорттық өнімдер шығаратын ірі өндірушілердің бірі бола алады. Осы мақсатта АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда; ветеринариялық қызметтің бағыныштылығын қалпына келтіруді, бизнестің ғылыми зерттеулерге қатысуын ынталандыруды, өнім дайындау ұйымдарын субсидиялауды қарастыратын заң жобасы ұсынылды; экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың пайдасы үшін субсидиялау саясаты қайта қаралып жатыр;
— Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші әлеуметтік бастамасы аясында аграрлық қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Шағын несие беруді қаржыландыруға 20 млрд теңге бағытталды. Бұл өз бизнесін бастауды көздеп жүрген азаматтарға ұсынылатын үлкен қолдау болады;
— Ауруларды басқару бағдарламаларын цифрландыру және әзірлеу, ауруларды емдеуден уақытылы аурулардың алдын-алуға көшу, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, кадрларды даярлау, денсаулық сақтау нарығын ырықтандыру және жекеменшік ұйымдардың әкімшілік кедергілерін азайту, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жетілдіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды тапсырды;
— Үкімет денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелерінің барлығын ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. 2017 жылы жеке секторға қойылатын шектеулер 1,7 есе жойылды. Бұл денсаулық сақтау саласына салынатын жеке инвестицияларды екі есеге — 44,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға жол ашады. МӘМС жүйесін енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда: заңнамалық база құрылды, өткен жылдан бастап қор жұмыс істей бастады, жұмыс берушілер ақша аударымдарын жүргізіп жатыр;
— Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында беріліп жатқан мүмкіндіктерге назар аударды. Бұл — тиімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін «7–20–25» жаңа ипотекалық бағдарламасы, және халықтың жекелеген топтарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесінің 10 есеге – 1%-ке дейін төмендеуі;
-«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында қабылданып жатқан шаралар инженерлік-техникалық қызметкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл, өз кезегінде, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға және «білімділердің жылыстауына» қатысты мәселелерді шешуге жол ашады;
-Жастар үшін білім алудың қолжетімді болуы айрықша маңызға ие. Президент «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші әлеуметтік бастамасы аясында жыл сайын бөлінетін 54 мыңға қосымша 20 мың грант бөлу туралы шешім қабылдады. Олардың 11 мыңы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сұранысы арта түсетін техникалық мамандықтарға бөлінген;
-Студенттік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында Үкімет жатақханаларда 75 мың орын дайындау бойынша жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда 205 мыңға жуық студент басқа қалалардан келіп оқиды, олардың тек 67 мыңы жатақханаларға орналастырылған;
-АӨК, инвестициялар тарту, экономиканың негізгі салаларын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, цифрландыру, жаңа жұмыс орындарын құру секілді бағыттардағы мәселелерді шешуді тапсырды;
-ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өткен жылы Мемлекет басшысының өсудің жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін жобалық басқару жүйесі енгізілгенін атап өтті. Экономиканы дамытудың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалардың портфелі құрылды. Әрбір жоба бойынша мақсатты индикаторлар мен жауапты тұлғалар бекітілді, жобаларды іске асырудың нақты нәтижелері мен орындалу мерзімдері көрсетілген егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленді;
-Кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің еліміздің экономикалық өсуінің жаңа моделін құрудағы негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ахуалын жақсарту мен ШОБ субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға серпін беру Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында шағын несие беруді көбейтуге жол ашады.Осы орайда мемлекеттік органдарға бизнес-қауымдастықпен ұйымдасқан түрде жұмыстар атқару қажеттілігі атап өтілді. Жобалық басқару жұмыстарының аясында бизнеске мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын тез арада жеткізуге мүмкіндік жасалды;
—Болашақ мамандықтары бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, техникалық мамандықтарға арналған гранттарды көбейту, еңбек нарығындағы өзгерістерді және цифрландыру мен автоматтандыруды ескере отырып, қажетті дағдыларды үйрету, кәсіпкерлік қызметке шағын несие беру тетіктері, үштілді білім беру мен қосарлы оқыту жүйесін енгізу, сондай-ақ жатақханамен қамтамасыз ету мәселелерге назар аударды.
Айдар Дидар.