Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокуратура қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Облыстық прокуратураның Ішкі қауіпсіздік тобы мен өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен шарада Еңбекші ауданы прокуратурасының қызметкері У-ды осыған дейін алынған параның бөлігін қайтару кезінде ұстаған. Ақашалай қаражат азамат К-ны қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесін шешу үшін алынған», – делінген баспасөз хабарламасында. Қазір бұл іс бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Дереккөз: 24.kz