Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 19 бабының 1-тармағында «Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарлары тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды, соның iшiнде сол органдардың қызметкерлерiн айына кемiнде бiр рет жеке қабылдауға мiндеттi» деп айтылса, осы баптың 2 -тармағында «Азаматтарды қабылдау белгiленген және азаматтардың назарына жеткiзiлген күндер мен сағаттарда жүргiзiледi», деп айтылған.
Аталған заңның талабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың жене оның орынбасарларының облыс тұрғындарымен жеке қабылдау (сурет — ontustik.gov.kz) өткізу туралы кестесі бекітілді.
Кестеге сәйкес:
Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ үстіміздегі жылдың 27 сәуір, 30 мамыр және 29 маусым күндері облыс тұрғындарымен жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға жазылу 8(7252)24-70-01 байланыс телефоны арқылы жергізіледі;
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы үстіміздегі жылдың 05 сәуір, 03 мамыр және 06 маусым күндері облыс тұрғындарымен жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға жазылу 8(7252)24-70-05 байланыс телефоны арқылы жергізіледі;
Облыс әкімінің орынбасары Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев үстіміздегі жылдың 10 сәуір, 11 мамыр және 12 маусым күндері облыс тұрғындарымен жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға жазылу 8(7252)24-71-08 байланыс телефоны арқылы жергізіледі;
Облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы САДЫР үстіміздегі жылдың 12 сәуір, 15 мамыр және 15 маусым күндері облыс тұрғындарымен жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға жазылу 8(7252)24-70-13 байланыс телефоны арқылы жергізіледі;
Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек СӘДІБЕКОВ үстіміздегі жылдың 18 сәуір, 25 мамыр және 26 маусым күндері облыс тұрғындарымен жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға жазылу 8(7252)24-70-16 байланыс телефоны арқылы жергізіледі;
Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Салдарұлы ЖАМАЛОВ үстіміздегі жылдың 25 сәуір, 23 мамыр және 20 маусым күндері облыс тұрғындарымен жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға жазылу 8(7252)24-70-10 байланыс телефоны арқылы жергізіледі.
«Айғақ» ақпарат.