ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы букмекерлік кеңселерге қойылатын талаптар күшейтілуі керек деп санайды, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігінің тілшілері.
«Бұл оңай мәселе емес, қазіргі таңда біз заң әзірлеп жатырмыз. Екі жағы бар, біз букмекерлік кеңселерге қойылатын талаптарды күшейтуіміз керек, себебі бұған дейін ойын қызметі туралы заң, былайша айтқанда, қағида түрінде жасалған»,- деп атап өтті ол сейсенбіде үкімет кулуарында.
«Букмекерлік кеңселерді бір аумаққа көшіру біздің электронды ғасырымызда қауіпті. Олар электронды (форматқа – ҚазТАГ) кетіп қалулары мүмкін, заңсыз әрекетке, интернет арқылы оларды реттеу өте қиын. Біз халықаралық тәжірибені тереңінен зерттеп жатырмыз, бұл заңды біз үкіметке, ары қарай парламентке шығарамыз», — деді министр.
Соған байланысты, ол оң мысал ретінде лотерея қызметі туралы қабылданған заңды еске салды.
«Соның арқасында біз лотерея саласындағы қызметтің заңсыз түрлерін қалпына келтіріп, ашық еттік. Лотерея қызметінен түсетін кірістің белгілі бер пайызы қазіргі таңда, яғни кірістің 15%-ы спортты дамытуға жұмсалып жатыр», — деді А.Мұхамедиұлы.
«Біздің міндетіміз – букмекерлік кеңселер де, казино қызметі де, ойын қызметінің кез келген түрі, өз кірістерінің белгілі бір көлемін әлеуметтік жобаларға, жеке спортқа бағыттауы керек. Бұл біздің ұстанымымыз, бұл халықаралық тәжірибе. Англияда Лондон олимпиадасын өткізуге лотерея және букмекерлік қызметтің кірісінің 32%-ы жұмсалған. Бұл кірісі жоғары қызмет түрі. Сондықтан біздің міндетіміз – оларды ашық қылу», — деді министр.